Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «АЛТЫН ТҰҒЫР» олимпиадасы

Математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған  «АЛТЫН ТҰҒЫР» олимпиадасы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының «Örken»   Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру  және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 5 қаңтарында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ базасында математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.

Олимпиадаға  аудандық, қалалық және облыстық мектептердің  134 бастауыш сынып мұғалімдері математика пәні бойынша тест, логикалық тапсырмаларды орындап, білімдерін сынады.

Математикалық олимпиада ережесіне сәйкес 3 бөлімнен тұратын тапсырмаларды орындауға 1,5 сағат берілді.

Олимпиада тапсырмаларының орындалу қорытындысы бойынша әділқазы алқасы шешім қабылдап, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар және барлық қатысушыларға сертификат табыстады.

Шара аясында «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің маманы Нурсеитов Абзал Айдолдаұлы мұғалімдерге математика пәні бойынша есептің шығару жолдарын көрсетіп түсіндірді.

Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасына жолдама алып, І орын иегері болған бастауыш сынып мұғалімдері :

  1. Ибрагимова Гульмира Серикбаевна– ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша №7 орта мектебі» КММ;
  2. Тятова Ирина Владимировна - ШҚО ББ Алтай ауданы білім бөлімі бойынша «Сағадат Нурмагамбетов атындағы орта мектеп» КММ;
  3. Борисова Наталья Геннадьевна – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№34 мектеп-гимназия» КММ;
  4. Худякова Ольга Юрьевна - ШҚО ББ Алтай ауданы білім бөлімі бойынша «№11 орта мектеп» КММ;
  5. Горбачёва Светлана Анатольевна- ШҚО ББ Глубокий ауданы білім бөлімі бойынша «Белоусовка бастауыш мектеп-балабақша кешені» КММ;
  6. Лагутина Ирина Михайловна - ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп кешені» КММ;
  7. Нургалиева Аккербез Сейфоллақызы - ШҚО ББ Зайсан ауданы білім бөлімі бойынша «Сарытерек орта мектебі» КММ;
  8. Калиева Сауле Турсуновна - ШҚО ББ Күршім ауданы білім бөлімі бойынша Бірлік негізгі орта мектебі»КММ.

Жүлдегерлерге сәттілік, шығармашылық табыс және Республикалық додада жеңіс тілейміз!

Олимпиада мұғалімдерге жаңа талпыныс берді. Болашақта осындай форматта іс-шаралардың өтілуіне ұсыныстар жасалды.

05/01/2024 42
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ