Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Онлайн IT-форум «Жасанды сана. Болашаққа қадам»

Онлайн IT-форум «Жасанды сана. Болашаққа қадам» - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 5 наурызда онлайн режимде «Жасанды сана. Болашаққа қадам» ІТ-форумы өтті. Форумда ШҚО білім басқармасының, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының, жоғары оқу орындарының, ІТ-компаниялардың өкілдері сөз сөйледі. Кездесу барысында білім беру саласындағы «Жасанды сана» біліктілігін тереңдетіп оқыту үшін жағдай жасау, облыс мектептерінде IT-білім беруді дамыту және оқушыларды роботтар, дрондар мен виртуалды шындық әлемінен жаңа заманауи технологияларды тануға ынталандыру мәселелері талқыланды.
Форумда оқушылардың Startup жобаларын дайындау, жасанды сана жүйесін құру және әзірлеу технологиялары мәселелері талқыланды.
Форум жұмысына облысымыздың қалалары мен аудандарының 1500-ден астам мектеп мұғалімдері қатысты. Форум ШҚО білім басқармасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

09/03/2021 363
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы