Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Online Mektep» модулін қолдану бойынша онлайн оқыту

«Online Mektep» модулін қолдану бойынша онлайн оқыту - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

  2020 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Bilim Media Group» ЖШС-мен бірлесіп Bilimland.kz білім беру платформасында «Online Mektep» цифрлық модулін қолдану бойынша оқыту вебинарын өткізді.

   Модульде 1-11 сынып оқушыларына цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім алуға және педагогтармен кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік берілген.

   Онлайн сабақ кезінде облыстың барлық аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының орынбасарлары және пән мұғалімдері осы платформа арқылы оқушыларды оқытудың жаңашылдықтарымен және әртүрлі тәсілдерімен танысты.

  Оқыту барысында жаттықтырушылар цифрлық модульдің жаңа  функционалдарын, оқыту мониторингін, сабақ кестесін қалыптастыруды, оқушылармен кері байланыс орнату тәсілдерін, үй тапсырмаларын тексеру мен бағалауды, оқушыларды мұғаліммен бейне конференция арқылы қосу мүмкіндігін көрсетті. Семинар тыңдаушылары тренерлердің жұмысына оң баға берді.

    Облыс бойынша семинарға жалпы саны 2000-нан астам мұғалім қатысты.

04/11/2020 395
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ