
Өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің бас сарапшысы Ж. Жумакасовамен бірлесіп, 2021 жылғы 13 сәуірде Ұлттық білім беру деректер қорында және nobd-analytics ҰББДҚ деректерін талдау жүйесінде есептерді қолдану жолдары бойынша онлайн семинар өткізді.
Семинарға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, облыстық мамандандырылған, арнайы мектептердің деректер қорын толтыруға жауапты барлық мамандары қатысты. Семинарда жүйені толтыру кезіндегі қателерді жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
13/04/2021
235