Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Білім беруде робототехниканы дамыту» тақырыбында онлайн кеңес өтті

«Білім беруде робототехниканы дамыту» тақырыбында онлайн кеңес өтті - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Школа робототехники СПб» (РФ, Санк-Петербург қ.) компаниясының өкілдерімен бірлесіп 2022 жылғы 18 ақпанда «Білім беруде робототехниканың дамуы» тақырыбында онлайн кеңес өткізді, оған ШҚО білім беру ұйымдары қатысты.
Осы кеңесте компания өкілдері «RED LAB» сауда маркасымен өздері әзірлеген робототехника жиынтығын таныстырды, оған 1-ден 7-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған Red конструкторларының 10 жиынтығы, оқу-әдістемелік кешен кіреді. Red конструкторының ерекшелігі, ол Arduino және Lego-мен үйлесімді, бұл оларды осындай жиынтықтармен жабдықтап информатика сабақтарында қолдануға мүмкіндік береді. Мұғалімдер Red конструкторларына қызығушылық танытып, робототехника бойынша жарыстарға, оның ішінде халықаралық жарыстарға қатысуға ниет білдірді.

22/02/2022 118
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы