Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Цифрлық Шығыс 2019», «Digital East-Болашаққа қадам-2018» IT-форумдары аясында мектеп оқушыларының IT-жобалары жетекшілерімен өткізілген онлайн кеңес

«Цифрлық Шығыс 2019», «Digital East-Болашаққа қадам-2018» IT-форумдары аясында мектеп оқушыларының IT-жобалары жетекшілерімен өткізілген онлайн кеңес - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

"Digital East – Болашаққа қадам-2018" және "Цифрлық Шығыс-2019" IT-форумдарын өткізу аясында ШҚО әкімі грантына номинанттар ретінде мәдениет, ТКШ, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, өнеркәсіп, туризм және ауыл шаруашылығы сияқты тіршілік әрекетінің түрлі салаларын автоматтандыруға бағытталған мектеп оқушыларының 25 StartUp жобасы ұсынылды. 2019 жылы 10 стартап іске асырылды, 2021 жылдың наурызында 15 жобаның іске асыру мерзімі аяқталады.
Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 18 наурызда мектеп оқушыларының IT-жобалары жетекшілерімен авторлық құқық туралы куәлік алу бойынша онлайн кеңес өткізді.
Кеңес барысында жоба жетекшілері жобаларды іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды көрсетті.
Сондай-ақ, стартаптарды одан әрі дамыту және оларды іске асыру (монетизациялау) мүмкіндігін беру, оларды пайда әкелетін бизнес-жобаға айналдыру мақсатында Д.Серікбаев атындағы ШҚУ Phd докторы, қауымдастырылған профессор, доцент Увалиева Индира Махмутовна «Зияткерлік меншік объектісін тіркеу» презентациясымен сөз сөйледі.
Кеңес барысында зияткерлік меншік құқығын алу мәселелері талқыланып, ұсыныстар берілді.

19/03/2021 537
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы