
2020 жылғы 26 қарашада Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы әзірленген іс-шаралар жоспары мен іс-қимыл алгоритміне сәйкес жобаларды іске асыру барысы туралы мектеп оқушыларының IT-жобалары жетекшілерімен онлайн кеңес өткізді.
Кеңес барысында жоба жетекшілері бүгінгі күні орындалған жұмыстар туралы айтты.
Мектептер қажетті жабдықтарды сатып алды, оқушылардың жобаларын іске асыру мектептердің бекітілген іс-қимылдар алгоритмдеріне сәйкес жүзеге асырылуда.
Кеңес барысында «Сандық бағдарламамен басқарылатын станок» жобасының жетекшісі Әлем Мақсатұлы сөз сөйледі. Ол станоктың дайын болғанын және сынақ сатысында екенін айтты. СББ станок – бұл барлық жұмыс және қосалқы операциялар берілген бағдарламаға сәйкес басқару құрылғыларының командалары бойынша орындалатын автомат станок. Бұл жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
«Құрғақ және ылғал ауа тазартқыш» жобасының жетекшісі К.Т. Иманбаев сөз сөйлеп, құрылғының жұмысы мектеп кабинеттерінде сыналатынын айтты. Ауа тазартқыш ластанған ауаны тазартады, өмір сүруге және денсаулықты сақтауға қолайлы жағдай жасайды. Бүгінгі таңда жоба аяқталуға жақын.
«Ақылды мектеп» жобасының жетекшісі Қ.Тұрсынбеков жабдықты апробация ретінде мектептің 4 кабинетіне орнату және ақылды мектеп жүйесін 2020 жылдың желтоқсанына дейін іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.
Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары И.М. Увалиева, Ж.Ш. Оразбаеваның «Оқушыларға арналған дұрыс тамақтануды ақпараттық қолдау жүйесі» жобасының жетекшілері жобаны асханада іске қосуға дайын екенін, бүгінгі күні жоба аяқталғанын айтты.
Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің үш грант иегері «Абай-дана, Абай – дара қазақта» виртуалды 3D-турын құру», «Pediatr» балалардың даму мониторингінің компьютерлік жүйесін әзірлеу», «Helper жаяу жүргінші» жобаларын іске асыру барысы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, «Ақылды электрондық құлып», «Басқарудың автоматтандырылған жүйесі», «Жақындап келе жатқан су тасқыны туралы хабарлайтын құрылғы», «Электрлі шынжыртабан», «Smart пернетақта», «Теңге алу» ойынының компьютерлік моделі», «Интеллектуалды көше жарығы» жобаларының жетекшілері мектептің іс-қимыл алгоритміне сәйкес оқушылардың StartUp-жобаларын іске асыру аяқталу сатысында тұрғанын айтты.
Барлық айтылған сұрақтарға ұсыныстар берілді.