
ШҚО білім басқармасының өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «BilimLand» ЖШС-мен бірлесіп 2021 жылғы 19 ақпанда ZOOM платформасы арқылы ШҚО білім беру ұйымдарымен Bilimcenter.kz білім беру онлайн-ресурсын таныстыру бойынша кездесу өткізді. Онлайн кездесу барысында білім беру онлайн-ресурсының қызметкерлері контентпен таныстырды және қосымша білім беру бағдарламасымен, PISA халықаралық бағдарламалары бойынша оқушылардың қабілеттерін бағалауға шолу жасады;
Қатысушылар жаңа жобаға қатысты сұрақтар қойды, оларға компания мамандары толық жауап берді.
Аталған іс-шараға білім бөлімдерінің 200-ден астам мамандары мен мектеп мұғалімдері қатысты.
19/02/2021
484