Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша педагогтердің облыстық қауымдастығының есеп беру-сайлау отырысы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша педагогтердің  облыстық қауымдастығының есеп беру-сайлау отырысы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Бірге жиналу - бұл тек бастамасы,

Бірге сақталу - бұл ілгерілеу,

Бірге жұмыс істеу - бұл жетістік!» - деген ұранмен 2021 жылы қазан айында облыстың мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтерінің қауымдастығы құрылған еді.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты - үнемі шығармашылық ізденісте жүрген, өз кәсібін сүйетін педагогтерді біріктіру және олардың мүдделерін қорғау, кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін арттыруға жәрдемдесу, облыс көлемінде мектепке дейінгі білім берудің сапалы деңгейіне қол жеткізу.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2023 жылдың 22 желтоқсаны күні облыстың мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтерінің қауымдастығының есеп беру – сайлау отырысын өткізді.

Отырысты орталықтың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру әдістемелік бөлімінің әдіскері Қырықбаева Айгүл Кадылбековна ашып, жалпы қауымдастықтың жұмысының маңызы және қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы айтып өтіп, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтерінің облыстық қауымдастығының төрағасы Раимбаева Дина Орынбасаровна сөз алып, барлық аудан/қалаларда кіші қауымдастықтардың құрылып, облыс көлемінде есеп беру мерзімінде атқарылған жұмыстарына есеп берді. Жарыссөзге Глубокое ауданының кіші қауымдастығының төрағасы Мусина Нургуль Батихановна, Ұлан ауданының кіші қауымдастығының төрағасы Сагынганова Маржан Газымбековна шығып, атқарылған мерзімдегі қауымдастықтың жұмысына оң баға беріп, қанағаттанарлық – деп атап өтті.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша облыстың мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтерінің қауымдастығының төрағалығына ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №5 «Арай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК директоры Аубакирова Венера Айтбаевна ұсынылып, дауысқа салынып, бірауыздан қолданды.

Отырыс жұмысына облысымыздың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша 25 педагогі қатысты.

22/12/2023 55
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ