Бүгін, 2020 жылғы 20 қазанда «Jastar Time» инновациялық орталығының 10 түлегіне «Бизнес мектебі» бағыты бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы оқушылар арасында инновациялық идеяларды дамыту, шығармашылық әлеуетті және бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту мақсатында «Jastar Time» инновациялық орталығы ашылды.
«2D/3D графикамен жұмыс», «Бағдарламалау», «Бейнемонтаж», «Бизнес мектебі» бағыттары бойынша курстар мектептікінен өзгеше арнайы модульдік оқыту бағдарламасы бойынша әзірленді. Мұнда сабақты Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді.
«Бизнес мектебі» курсында балалар бизнес, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері бағыттары бойынша оқытылады. Мұнда білім алушылардың кәсіпкерлік қызметке қызығушылықтары, болашақты құру әдісі ретінде әлеуметтік-экономикалық дизайнға қызығушылықтары, инновациялық және кәсіпкерлік әлеуеті қалыптасады.