
ШҚО білім басқармасы «GuardEX – Qazaqstan» ЖШС-мен бірлесіп Сфера қашықтықтан оқыту платформасының мүмкіндіктерін зерттеу үшін облыстық мектептерге пилоттық жобаны іске қосты.
Пилоттық жобаға облыстың 5 мектебі кірді: «Математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей» КММ, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицей» КММ, «О.Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ, «№37 көп бейінді орта мектеп» КММ, «№ 27 орта мектеп» КММ.
Жобаның негізгі мақсаты – мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды біріктіретін және қашықтықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін білім беру онлайн-платформасын сынақтан өткізу. Платформа мектеп пәндерін қашықтықтан оқуға және оқытуға мүмкіндік береді.
Жоба аясында платформаның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ мектептерге қажеттіліктерін зерттеу жоспарлануда.
Әзірленген ұсынымдарды ескере отырып, облыс мектептерінде Сфера қашықтықтан оқыту платформасын пайдалану бойынша кешенді шаралар қолданылатын болады.