
2023 жылғы 10 наурызда Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы таңдалған білім беру ұйымдарының оқушыларын ICILS халықаралық зерттеулерге сапалы дайындау мақсатында Өскемен қаласының ПШО НЗМ АҚ-мен бірлесіп облыс мектептерінің информатика пән мұғалімдеріне арналған ICILS зерттеуіне дайындық тақырыбында оқыту вебинары өткізілді.
Вебинарды жүргізуші: Нурекенова Арайлым Солтанхановна
Вебинар тақырыбы: ICILS зерттеуіне дайындалу
Мақсаты ICILS зерттеуінде оқушыларды дайындаудың кешенді тәсілі туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: ICILS-ті зерттеудің кешенді тәсілі туралы түсінік қалыптастыру, өткен зерттеулердің міндеттерін талдау, зерттеу процесін өз бетінше игеру үшін онлайн-ресурстарға сілтемелер алу.
Қатысушылар: жалпы орта білім беретін мектептердің информатика пән мұғалімдері