Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

PISA-2022 халықаралық негізгі зерттеуіне сапалы дайындалу

PISA-2022 халықаралық негізгі зерттеуіне сапалы дайындалу - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

PISA-2022 халықаралық негізгі зерттеуіне сапалы дайындалу үшін 2022 жылғы 14 наурызда ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) халықаралық ұйымы зерттеу жүргізу үшін таңдаған қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларымен, колледж және мектептердің директорларымен кеңес өткізілді. Біздің облыс 15 жастағы білім алушылардың білім жетістіктерін бағалауға бесінші рет қатысады.

Биыл зерттеуге 35 білім беру ұйымынан, оның ішінде 29 мектеп пен 6 колледжден 1081 15 жастағы жасөспірім қатысады.  

Мектептер мен колледждерде оқушылар мен студенттерді зерттеуге дайындау жүргізілуде, олар үшін PISA форматындағы тапсырмаларды талдау үшін қосымша сабақтар өткізіледі.

Наурыз айының басында облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін әр қатысатын ұйымға барып қайтты. Ата-аналар жиналысы өткізілді. Зерттеуге дайындық және оны өту кезеңінде балалардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. Зерттеуге дайындық кезінде алаңдаушылық деңгейін анықтау мақсатында 15 жастағы жасөспірімдер арасында сауалнама жүргізілді.

Дайындық кезінде оқушылардың ақпараттық біліктілігін дамытуға, аналитикалық және креативті ойлау қабілетіне, ашық түрдегі сұрақтарды, пайымдау сұрақтарын пайдалануға ерекше назар аударылады.

15 жастағы жасөспірімдердің зерттеуден өтуге дайындығының автоматтандырылған диагностикасы жүргізіледі. Көктемгі демалыс кезінде облыс педагог-шеберлерін онлайн және оффлайн режимінде тарта отырып, PISA-2022 форматындағы тапсырмалардың ерекшеліктерін пысықтау бойынша демалыс кезеңіндегі мектеп жұмысын бастайды.

09/03/2022 33
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы