Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Қашықтан облыстық "Jastar Time" – 2021 IT-Хакатонның қорытындысы шығарылды

Қашықтан облыстық

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 13-14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары арасында «Jastar Time» аймақтық IT хакатоны өткізілді.
Хакатон мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін аймақ үшін инновациялық шешімдер жасауға тарту, жастардың ақпараттық технологиялар саласында білім алуға қызығушылықтарын арттыру және ІТ-дағдыларын дамыту, жоғары деңгейде IT саласындағы білікті кадрлар қалыптастыру мақсатында өткізілді. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ЖОО студенттері, мектеп оқушыларының арасынан 22 команда қатысты. Екі күн бойы екі тақырыптық бағыттағы тапсырманы орындады. 14+ жас санатындағы оқушылар есте сақтау, қиял, ойлау және логиканы жаттықтыру үшін дамытушы және зияткерлік ойындар жасады, ал студенттер емтихан тапсырушылардың (тестіленушілердің) жеке басын растау, олардың мінез-құлқын бақылау және үшінші тарап қосымшаларын пайдалануды бақылау үшін прокторинг жүйесін құрды.
Болашақта Хакатон студенттері әзірлеген жүйе тестілеу процесін немесе емтиханды қашықтықтан, онлайн режимінде бақылауға көмектеседі. Ол тестіленушіні тексеруді және әкімші (Проктор) оның мінез-құлқын және тест барысында компьютер экранын бақылауды қамтиды.
Байқау жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша сарапшылармен келесі жеңімпаздар анықталды:
14+ жас санатындағы оқушылар арасында бас жүлдені «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ-нің «NEXT» командасы жеңіп алды;
Бірінші орын Жарма ауданының «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің «Stars» командасына берілді;
Екінші орынды Семей қаласының «Экономикалық лицей» КММ-нің «ЭЛ» командасы, үшінші орынды Алтай ауданының «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-нің «Алтай» командасы иеленді.
16+ жас санатындағы студенттер арасында бас жүлдені Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің «Жастар» командасы ұтты;
Бірінші орынды С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің «Team EKU» командасы иеленді;
Екінші орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің "Cyberpolitechnik" командасы алды;
Үшінші орын Қазақстан-Америка Еркін университетінің "RealZealot" командасына берілді.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік пен денсаулық тілейміз!!!

17/05/2021 1279
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ