Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«ŞYĞYS ÖRKENІ»-2022 облыстық IV IT-Хакатонның қорытындысы

«ŞYĞYS ÖRKENІ»-2022 облыстық IV IT-Хакатонның қорытындысы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 3-4 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ЖОО  студенттері, мектеп оқушылары арасында «ŞYĞYS ÖRKENІ» аймақтық IT хакатоны өткізілді.

Хакатон мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін аймақ үшін инновациялық шешімдер жасауға тарту, жастардың ақпараттық технологиялар саласында білім алуға қызығушылықтарын арттыру және ІТ-дағдыларын дамыту, жоғары деңгейде IT саласындағы білікті кадрлар қалыптастыру мақсатында өткізілді. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ЖОО  студенттері, мектеп оқушыларының арасынан 27 команда қатысты. Екі күн бойы екі тақырыптық бағыттағы тапсырманы орындады. 14+ жас санатындағы оқушылар 3D визуализация элементтері бар есте сақтау, қиял, ойлау және логиканы жаттықтыру үшін дамытушылық және зияткерлік ойындар құрды, ал студенттер террористік қауіп төнген жағдайда білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, мобильді қосымша/интернет-платформа немесе басқа да цифрлық өнім форматында шешім қабылдау жүйесін құрды. Білім беру ұйымдарында (мектептер, балабақшалар, колледждер) терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру проблемаларын, ғимаратта орнатылған жабдықты пайдалана отырып шабуыл жасау қаупі төнген жағдайда, бейнебақылау жүйесі, турникеттер, дабыл түймелері, сөйлеу дабылы қолданылатын жүйе жасалды.

Байқау жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша сарапшылармен келесі жеңімпаздар анықталды:

14+ жас санатындағы оқушылар арасында бас жүлдені Өскемен қаласы, «Барыс» командасы жеңіп алды;

Екінші орын Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, «Spectre» командасына берілді;

Үшінші орынды Шемонаиха ауданы, «Воины света» командасы иеленді.

16+ жас санатындағы студенттер арасында бас жүлдені Өскемен жоғары политехникалық колледжінің «Edgerunners» командасы ұтты;

Екінші орынды Қазақстан-Америка Еркін университетінің «Хомячки» командасы иеленді;

Үшінші орын Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ-нің «NEXT» командасына берілді.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік пен денсаулық тілейміз!!!

05/11/2022 52
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы