
«Skills for geeks» облыстық онлайн-чемпионаты
Бүгін, Шығыс Қазақстан облысында «Бағдарламалау», «3D модельдеу» және «Робототехника» бағыттары бойынша 10+ және 14 +жас санаттары бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында «Skills for geeks» онлайн-чемпионаты басталды.
Чемпионат өткізудің мақсаты: оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, қабілетті және дарынды балаларды анықтау, нақты кәсіби жағдайларда тапсырмаларды практикалық тұрғыда шешу дағдыларын игеру.
Чемпионатқа жарыстың аудандық (қалалық) кезеңдерінің қорытындысы бойынша анықталған 25 құрама команда қатысады. Онлайн-чемпионаттың қатысушылары үш өлшемді нысандарды модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника дағдыларын көрсетуде.
Мысалы, мектеп оқушылары «Робототехника» біліктілігі бойынша роботты жинап қана қоймай, оған ең жақсы «спорттық қабілеттер» орнатуы керек. Бұл электроника, механика, информатика және басқа да нақты ғылымдардан алған білімсіз мүмкін емес.
Қатысушыларды ғылыми дәрежесі бар тәуелсіз кәсіби сарапшылар, білім беру, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, қала кәсіпорындарының өкілдері бағалайды.
2 күндік жарыс нәтижесінде «3D-модельдеу» номинациясы бойынша 10+ санатында Тарбағатай ауданының командасы бірінші орын алса, 14+ санаты бойынша Үржар ауданының командасы ең мықтысы атанды. «Бағдарламалау» номинациясы бойынша 10+ санатында бірінші орынды Тарбағатай ауданының командасы алды, ал 14+ санатыда ең мықты болып Өскемен қаласының командасы атанды.
«Сызық бойымен жарыс» бағытынан робототехника номинациясы бойынша 10 + жас санатында бірінші орынды Семей қаласының командасы алды. «Кегельринг» бағытындағы робототехника номинациясы бойынша 10+ жас санатында бірінші орынды Өскемен қаласының командасы алды.
«Кегельринг квадро» бағытының робототехника номинациясы бойынша 14 + жас санатында Семей қаласының дарынды балаларға арналған «Білім инновация» мамандандырылған лицейінің командасы бірінші орынға ие болды.
«Танк биатлоны» бағытының робототехника номинациясы бойынша 14 + жас санатында бірінші орынды Өскемен қаласының командасы алды.
Жалпы командалық есепте 10+ жас санаты бойынша орындар: үшінші орын – Глубокое ауданының құрамасы, екінші орын – Өскемен қаласының облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің командасы, бірінші орын –Тарбағатай ауданының құрама командасы. Жалпы командалық есепте 14+ жас санаты бойынша үшінші орынды Алтай ауданының құрама командасы, екінші орынды Глубокое ауданының құрама командасы, бірінші орынды Өскемен қаласының құрама командасы иеленді.
Балалар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.
Жарыс соңында Skills for geeks чемпионатының әнұраны шырқалды, оның авторлары чемпионат қатысушылары болып табылады. Әнұранның «Кто, если не я, кто, если не ты, сделаем первый шаг для своей страны» деген сөздері чемпионаттың өзіндік ұранына айналды.