Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«VEXcode VR» платформасы арқылы робототехника бойынша мектеп оқушыларына онлайн чемпионат ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне практикалық онлайн-семинар

«VEXcode VR» платформасы арқылы робототехника бойынша мектеп оқушыларына онлайн чемпионат ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне практикалық онлайн-семинар - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Семей қаласындағы «Innovative College» білім беру ұйымымен бірлесіп облыстың информатика және робототехника мұғалімдеріне «VEXcode VR» платформасын пайдалану арқылы робототехникадан практикалық онлайн семинар өткізді. Семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, информатика және робототехника мұғалімдері қатысты.

ҚР робототехника тренері, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика және робототехника пәнінің оқытушысы Орынбаев Бақытбек Нұрлыбекұлы, Семей қаласының «Innovative college» мекемесінің информатика пәні оқытушысы Сұлтанбеков Айбек Егеубайұлы, Өскемен қаласындағы «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп лицейі» КММ-ның математика және робототехника пәнінің мұғалімі Ауезов Ержан Бэкұлы спикер болды.

Семинар барысында тренерлер «VEXcode VR» платформасын оқу процесінде зерттеу және қолдану тәжірибесімен бөлісті.  «Лабиринттен өту», «Қамалды бұзу», «Жасырын пиксель графикасын шығару», «Фишкаларды жылжыту» тапсырмаларын шешу жолын көрсетті.

Сонымен қатар семинарда білім беру ұйымдарында робототехника бойынша онлайн-чемпионатқа дайындық мәселелері талқыланды.

Семинарға облыстың 400-ден астам педагогы қатысты. Сондай-ақ, іс-шара ШҚО білім басқармасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Осы семинардың жазбасына сілтеме 

17/03/2021 689
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ