Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 29 желтоқсаннан 5 қаңтар аралығында онлайн және оффлайн форматтарда 2000-нан астам қатысушыны қамти отырып, педагогтердің қысқы каникулдық мектебін өткізеді.
Мақсаты - педагогтердің білімін үздіксіз кәсіби дамыту, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, біліктілігін арттыру.
Каникулдық мектеп жұмысының бағдарламасында:
- Облыстық семинарлар;
- Мастер-кластар;
- Шығармашылық шеберхана;
- Ғылыми-әдістемелік сабақтарының панорамасы;
- Онлайн-семинар;
- «Демалыстағы оқу мектебі»;
- Жас жетекші кадрлар резерві мектебінің 2 сессиясы;
Ынтымақтастық: Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ өкілдері, «Зерделі» республикалық мектебі.
Мақсатты аудитория - әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі, бастауыш, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, психологтар, мектеп кітапханашылары, тәлімгерлер, ата-аналар.
Жұмыс түрлері - шеберлік сыныптар, семинар-практикумдар, офлайн форматтағы педагогикалық шеберханалар, онлайн-семинарлар, әдістемелік алаңдар.
Құрметті ұстаздар! Қысқы каникул мектебінің іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз!