
2022 жылғы 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысындағы 340 мектептің 9-сыныбында оқитын мыңнан артық оқушысы Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойына орай өткізілетін Бірыңғай диктант күніне қатысады.
Мақсаты: оқушылардың ақпараттық аясын кеңейту, компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру, 9-сынып оқушыларының қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша білім деңгейін тәуелсіз объективті бағалау;
Диктант өткізудің міндеттері:
- қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша негізгі біліктіліктерін тексеру;
- мәтіннің қорытындысын онлайн тексеру кезінде оқушылармен жұмыс істеудің жеке бағытын орнату;
- 9-сынып оқушыларының IT-біліктілігін дамыту (компьютерді қолданудың қағидаларын түсіну);
- оқушылардың Қазақстан Республикасында және бүкіл әлемде мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист және қазақ лингвистикасы мен әдебиетінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туралы ақпараттылығын арттыру;
- 9-сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Диктант аяқталған соң әр оқушы бағалау парағын алады, онда автоматты түрде оқушының жіберген қателері мен дағдылары көрсетіледі және ұсыныс беріледі.
Оқушылар осы сияқты онлайн диктантты өздігінен жаза алады, оның барысында өз білімдерін тексеріп, ой-өрістерін кеңейтеді.