
2022 жылғы 20 мамырда Өскеменде «Ертіс концерті» алаңында 9-шы облыстық «New generation» IT-фестивалі өтеді, онда облыс мектептерінің оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынады. Бұл іс-шара – еліміздің шығысында өтетін білім беру саласындағы жалғыз ауқымды IT-көрме.
IT-фестиваль келесі мақсатта өткізіледі:
- білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологияларды ұсыну және талқылау;
- АКТ қолдану саласында пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру;
- оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту бойынша тәжірибе алмасу;
- ақпараттық технологияларды қолданудағы озық педагогикалық тәжірибені тарату.
Қатысушылар өз жұмыстарын 6 секторда таныстырады – «Kids Skills», «Maker Fest», «Junior Skills», «Startup-Жобалар», «Robotime», «ClusterPro», біздің облыс педагогтары үшін мастер-кластар ұйымдастырылады. Фестиваль қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар үздік IT жобаларды анықтайды, ал «Көрермендер көзайымы» сыйлығы көрмеге келушілердің онлайн-дауыс беруі арқылы анықталады.
Сондай-ақ, фестиваль алаңында ғылыми ойын-сауық аймағы болады, онда келушілер жаңа технологиялар саласындағы жаңа жетістіктерді –толықтырылған шынайылық аймағын, тірі 3D фотоаймақты, интерактивті еденді көруге ерекше мүмкіндік алады.
Фестиваль аясында «Skills for geeks» облыстық чемпионаты мен облыс педагогтары арасында өткен «IT-Ūstaz 2022» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.