
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау басталады.
Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке, онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.
Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті толтырып, тиісті келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек:
- баланың туу туралы куәлігі;
- 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты», 065/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжаттар;
- баланың 3х4 см өлшеміндегі екі фотосурет.
Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет
көрсетуден бас тартуы мүмкін.
Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда ата-аналар немесе заңды өкілдер жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.
Барлық сұрақтар бойынша ШҚО білім басқармасының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің Call-орталықтарына хабарласуға болады.