Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«JASTAR TIME» - 2021 ІТ-хакатонын өткізу туралы БАСПАСӨЗ -ХАБАРЛАМАСЫ

«JASTAR TIME» - 2021 ІТ-хакатонын өткізу туралы БАСПАСӨЗ -ХАБАРЛАМАСЫ - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Білім басқармасымен 2021 жылғы 13-14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ЖОО  студенттері, мектеп оқушылары арасында «Jastar Time» аймақтық IT хакатоны өткізіледі.

Хакатон мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін аймақ үшін инновациялық шешімдер жасауға тарту, жастардың ақпараттық технологиялар саласында білім алуға қызығушылықтарын арттыру және ІТ-дағдыларын дамыту, жоғары деңгейде IT саласындағы білікті кадрлар қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

Хакатонға 22 команда қатысады. Қатысушылар қоғам өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға арналған қосымшаның прототиптерін жасайды.

IT-хакатонның сарапшылары мен тәлімгерлері облыс әкімдігінің, білім беру, ғылыми және қоғамдық ұйымдар мен қала кәсіпорындарының өкілдері болады.

12/05/2021 497
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы