Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Білім берудің цифрлық трансформациясы» атты облыстық онлайн форсайт-семинардың баспасөз хабарламасы

«Білім берудің цифрлық трансформациясы» атты облыстық онлайн форсайт-семинардың баспасөз хабарламасы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 4 қарашада «Білім берудің цифрлық трансформациясы» облыстық онлайн форсайт-семинарын өткізеді.

Семинарды ұйымдастыру мақсаты: мектеп педагогтарының кәсіби IT бағыты, оның ішінде STEM бойынша біліктілігін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау, білім беру процесінде оқытудың жаңа инновациялық құралдары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау, білім беруді трансформациялау үшін цифрлық біліктілікті арттыруға әдіснамалық көмек көрсету.  

Семинарға қалалық және аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, ҰБДҚ және Kundelik жұмысына жауапты үйлестірушілер, «Мектептерге арналған PISA-2021» қатысушыларының ішінен мектеп және ІТ үйлестірушілері, математика, физика, информатика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері, Шығыс Қазақстан облысы педагогтарының IT-қоғамдастығының мүшелері қатысады.

Облыстық онлайн форсайт-семинар барысында «Astana Hub «IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының, «STEM ACADEMIA» халықаралық білім беру орталығының, білім беру саласында маманданған жетекші IT-компаниялардың өкілдері, «НЗМ» АҚ педагогикалық шеберлік орталығының және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-тың ШҚО бойынша филиалы, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, «Kundelik» компаниясының тренерлері, ЖОО оқытушылары және облыстың жетекші педагогтары сөз сөйлейді.

01/11/2021 140
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ