Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылдың 5 қаңтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Үздік өлкетану сабағы-2023» облыстық байқауының жеңімпаздарымен «Өлкетану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» атты облыстық сабақтар панорамасын онлайн форматта өткізеді.
Мақсаты: жеңімпаз мұғалімдердің іс-тәжірибелерін, шығармашылықтарын, кәсіби шеберліктерін насихаттау.
Іс-шарада жалпы орта білім беретін мектептердің «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «География», «Музыка» пәндері бойынша «Үздік өлкетану сабағы-2023» облыстық байқауының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Қатысушылар санаты: Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Глубокое, Ұлан аудандарының география, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәнінің мұғалімдері.
Жауапты: Айтамбаева Сауле Толегегеновна, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» ҚГБ әдіскері.