ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың жоспарына сәйкес орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері (Т2) қауымдастығының кезекті отырысын 2024 жылдың 15 сәуір күні өткізеді.
Отырыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда іс-әрекеттегі зерттеудің әдістері, әдістемелік құралдарды әзірлеуге қойылатын талаптар, аралық аттестаттауды өткізу және дайындық жұмыстары жайлы тәжірибе алмасу.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқушылардың айтылым дағдысын графиктік органайзерлерді қолдану арқылы дамыту жолдары, іс-әрекеттегі зерттеу әдістері, әдістемелік құралдар әзірлеуге қойылатын талаптар, аралық аттестаттауды өткізу және дайындық жолдары жайлы өзіндік іс-тәжірибелерін ұсынады.
5-8,10 сынып білім алушыларын аралық аттестаттау бойынша Әдістемелік ұсыным беріледі.
Өтетін мерзімі: 2024 жыл 15 сәуір
Уақыты, форматы: сағат 15.00. Онлайн
Жауапты – ҚГБ пәндер әдістемелік бөлімінің әдіскері А.Ж.Билялова, 87055014271