ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының №2 отырысын 2024 жылдың 22 қаңтар күні өткізеді.
Отырыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда заманауи әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану жолдары.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Таенов атындағы негізгі мектебі» КММ, Алтай ауданы бойынша «Алтай қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «lesson Study» әдісі, оқытудың заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру жолдарындағы өзіндік іс-тәжірибелерін ұсынады.
Өтетін мерзімі: 2024 жыл 22 қаңтар
Уақыты: сағат 10.00. Онлайн форматта
Жауапты – ҚГБ пәндер әдістемелік бөлімінің әдіскері А.Ж.Билялова, 87055014271