Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Мектепке дейінгі мекемелерге арналған білім беру жобаларының презентациясы

Мектепке дейінгі мекемелерге арналған білім беру жобаларының презентациясы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 24 желтоқсанда Daryn.Online республикалық білім беру платформасымен бірлесіп балабақшалар мен шағын орталықтарға арналған жобалармен танысу мақсатында ZOOM платформасы арқылы облыстың қалалары мен аудандарының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн кеңес барысында Daryn.Online республикалық білім беру платформасының қызметкерлері мектепке дейінгі мекемелер желісіне арналған «Ордаген» жобасымен таныстырды.

Ordagen жобасының мақсаты – жаңа технологиялар форматына бейімделген аңыздар мен ертегілер, балаларға арналған жаңа форматтағы оқулықтар арқылы болашақ ұрпақтың санасында жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту.

Кездесуге қатысушылар жаңа жобаға қатысты сұрақтар қойды, оларға компания мамандары толық жауап берді.

Аталған іс-шараға балабақшалар мен шағын орталықтардың 300-ден астам басшылары қатысты.

25/12/2020 251
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы