Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

E-ORDA платформасының мүмкіндіктері

E-ORDA платформасының мүмкіндіктері - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

ШҚО білім басқармасының өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Digital Everest» жекеменшік мекемесімен бірлесіп 2021 жылғы 22 ақпанда ZOOM платформасы арқылы E-ORDA платформасын таныстыру үшін ШҚО білім басқармасының мамандарымен кездесу өткізді.

Бұл платформа мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру, қосымша білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру, арнайы (инклюзивті) білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық салаларында қолданылатын автоматтандырылған жүйелердің кешенін ұсынады.

Аталған мекеменің маманы осы платформаның келесі құралдарына назар аударды: мемлекеттік қаражатты айтарлықтай үнемдеу; жедел бақылаумен байланысты еңбек шығындарын қысқарту; білім беру процестерінің заңнаманың нормативтік талаптарына сәйкестігін бақылау, бүкіл облыс бойынша цифрлық технологияларды стандарттау.

Қатысушылар платформаға қатысты сұрақтар қойып, мекеме мамандарынан толық жауап алды.

23/02/2021 173
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы