Әрбір жаңа жоба - өз жұмысын қайта қарау және дамыту мүмкіндігі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту минимтрлігінің бастамасымен жаңа оқу жылында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында «943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - ұйымдарда білім беру сапасын арттыру. Бұл жобаға облысымыздың 25 нысаналы мектебі қатысады.
Жобаны іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 358-1 бұйрығымен ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік «Örken» орталығының базасында Жобалық кеңсе құрылды.
Жобалық кеңсенің жұмыс жоспары таңдалған мектептерге консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуге, ең бастысы білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Жобалық кеңсенің құрамына облыстық әдістемелік орталық пен аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері кіреді. Әрбір әдіскерге нысаналы мектептер бекітілді, кураторлар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық кадрларды кәсіби дамыту институты базасында «Әдістемелік қызметті трансформациялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
«943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында мектеп басшылығы мен әдіскерлердің кәсіби қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындау мақсатында облыстық тамыз кеңесінің секциясында нысаналы мектептердің директорлары, облыстық және аудандық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері үшін «Қолжетімді сапалы білім беру: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары» тақырыбында отырыс ұйымдастырылды.
Отырыс барысында спикерлер мен қатысушылар Жобалық кеңсенің жұмыс жоспарын іске асыруды және нысаналы мектептер педагогтерінің басым бағыттарын талқылады, әдіскерлердің қолдауымен мектептерді дамыту траекториясымен және құралдарымен танысты.
Нысаналы мектептердің педагогтерін, оның ішінде бастауыш сынып және оқу пәндері мұғалімдері үш деңгейлі (базалық, негізгі, ілгерінді) біліктілік арттыру курсын оқыту жоспарланды. Алғашқы қадамдар жасалды! Қазіргі уақытта 605 педагог «Өрлеу» БАҰО» АҚ платформасында қашықтан оқыту режимінде біліктілікті арттырудың тегін курстарынан өтуде. Ұйымдардың оқу-тәрбие процесін, басқарушылық және кадрлық қамтамасыз етуді, материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етудегі негізгі қажеттіліктерін айқындау үшін деректерді талдауды қамтитын талдамалық құжат болып табылатын әрбір нысаналы мектептің жеке портреті әзірленді. Мектептердің жеке портреттеріне талдау жүргізу кезінде анықталған мәселелер негізінде 2024-2025 оқу жылында іске асырылатын KPI-ге қол жеткізу бойынша әр мектептің жеке жоспарлары әзірленді.
Оқу жылында 4-11 сынып оқушыларының білім деңгейіне сараптама жасау мақсатында Testter.rz онлайн платформасы арқылы кіріс, аралық және қорытынды бақылаулар алу жоспарланған.
Қыркүйек айында алынған кіріс бақылау қорытындысы бойынша оқушылар мен педагогтерге арналған әдістемелік жұмыстың нақты бағыттары анықталып, жұмыстар жүйелі жүргізу үстінде.
Нысаналы мектептер үшін оқыту және әдістемелік кездесу-отырыстарда жобаны іске асыру мақсатында Жобалық кеңсе мүшелері «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша кәсіптік даму институтының мамандарымен бірлесіп кіріс бақылау және талдамалық талдаудың тиімділігін, сондай-ақ педагогтармен практикалық семинарлар әзірлеуге және өткізуге баса назар аудара отырып, курстан кейінгі қолдауды жүргізу жоспарымен танысты. Кураторлар өздеріне бекітілген нысаналы мектептерге барады және жергілікті жерлерде әдістемелік көмек көрсетеді.
Тренингтер, әдістемелік десант, коучинг, пікір алмасу, сабаққа қатысу мониторингі, сабақты талдау, озық тәжірибені тарату, кейс-сессиялар және т.б. сияқты жыл бойы жоспарланған іс-шаралар мектептерді оң нәтижеге қол жеткізу, яғни білім беру сапасын арттыру бойынша дамудың жаңа кезеңіне шығаратынына сенімдіміз.
#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау