Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» аймақтық пәндік интерактивтік алаңы

«Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» аймақтық пәндік интерактивтік алаңы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылғы 15 тамызда педагог қызметкерлердің «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» облыстық тамыз кеңесі шеңберінде аймақтық пәндік интерактивтік алаң өтті.

Бүгін талқыланып жатқан кеңестің тақырыбы: «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ», ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында және «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасында көрсетілген. Бұл уақыттың өзекті мәселелерінің бірі.

Алаңның бірінші бөлімінде білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы менеджмент мәселелері, білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін оқу процесін басқарудың цифрлық құралдары, интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері және алаяқтық әрекеттер кезіндегі іс-қимыл алгоритмі талқыланды.

Шараның екінші бөлімде 22 пәндік секция отырысына (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, бастауыш сынып, ЖМБ, ҚГБ, дене шынықтыру, АӘжТД мұғалімдері, директорлардың орынбасарлары, психологтар, кітапханашылар, инклюзивті және қосымша білім беру педагогтері, әдіскерлер, директорлар, директорлардың орынбасарлары) 1200 адам қатысты. Тәжірибелі педагогтер тәжірибелерімен бөлісті, «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде

білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хат талқыланды.

Әдістемелік кабинеттердің қызметін дамыту, білім беру ұйымдарының инновациялық қызметін қамтамасыз ету және әдістемелік кабинеттер арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту, 2023-2024 оқу жылының рейтинг қорытындысы бойынша үздік әдістемелік кабинеттің тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында келесі әдістемелік кабинеттер дипломдармен марапатталды:

І дәрежелі дипломы – Катонқарағай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті;

ІІ дәрежелі дипломы – Глубокое ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті;

ІІІ дәрежелі дипломы – Риддер қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті.

Барлық педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы сіздерге көптеген қуанышты және мағыналы сәттерді, жаңа жеңістер мен жетістіктер әкелсін.  Шыдамдылықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз  үшін алғыс білдіреміз. Биылғы жылы шығармашылық табыстарға толы болсын!

15/08/2024 9
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ