Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылдың 10-12 қаңтар аралығында Алматы қаласында  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық  ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы өткізілді.

Фестивальдің мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Шығыс Қазақстан облысынан конкурсқа 10 педагог  қатысып, облысымыздың намысын қорғап, өздерінің  педагогикалық идеяларымен бөлісті.

Әділқазылар алқасының шешімімен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі»  конкурсының ІI дәрежелі дипломымен  Муканов Жанибек Сагымжанович, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша  білім бөлімінің «Б.Ахметов атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

III дәрежелі дипломымен  Акшабаева Раушан Чарипкановна, ШҚО ББ Күршім  ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Воронова Оксана Викторовна,  ШҚО ББ «Абай  атындағы №33» КММ  бастауыш сынып мұғалімі, Шейбель Ирина Анатольевна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қалалық мектеп-лицейі» педагог-психолог марапатталды.

Республикалық конкурста қол жеткен ерекше жетістіктері үшін Маратқызы Мадина ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ физика пәнінің мұғалімі, Оразғалиева Мадина Мұратқызы ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Даулетбекова Казиза Абаевна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 орта мектеп» КММ тарих пәнінің мұғалімі  грамоталарымен марапатталды.

Республикалық конкурстың жеңімпазы атанған әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!

12/01/2024 45
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ