Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Оrken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы КММ 2023 жылдың 20 желтоқсанында 2023-2024 оқу жылына арналған функциональдық сауаттылық бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне (ББЖМ) 2024 жылы қатысатын ШҚО бойынша 81 мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы жаратылыстану-математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында практикалық семинар өткізді.
Семинар аясында Өскемен қалалық білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ және «№ 37 көпбейінді орта мектебі» КММ-і бастауыш мұғалімдері және Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Муратбек Динара Нурахметовна, Мельникова Наталья Васильевна ББЖМ нәтижелері бойынша оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығының дағдылары бойынша шеберлік сыныптар және коучингтер көрсету арқылы практикалық жұмыстар жасады.
Кері байланыс кезінде қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті, өз ойларымен бөлісті.