2024 жылы 15 тамызда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы
«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінде «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» итерактивті алаңын өткізді. Итерактивті алаң аясында арнайы және инклюзивті білім беру педагогтерінің «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуын қолдауға арналған цифрлық технологиялар» секциялық отырысы өтті. Отырысқа арнайы, түзету, жалпы білім беру мекемелерінің 40 педагогі қатысты.
Шара барысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының, ШҚО ББ «Асыл Мирас» аутизм орталығының, жалпы білім беру ұйымдарында оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекше білі беру қажеттіліктері бар балалрды оқытуда цифрлық технологияларды қолдану және пайдаланудағы іс-тәжірибелер көрсетілді.
Әдістемелік орталықпен «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 12.01.2022 ж. №6 бұйрығына, «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрлігінң 12.01.2022 ж. №4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 28.06.2024 ж. № 165 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 12.07.2024 ж № 178 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар» нормативтік-құқықтық актілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді. Сондай ақ «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хаты талқыланды.
Секция қорытындысы бойынша жаңа оқу жылына міндеттер қойылып, ұсынымдар берілді.