2024 жылдың 15 тамызы күні «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбындағы мұғалімдердің тамыз кеңесі аясында облыстың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының қызметкерлерінің «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» айдарымен секция отырысы ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК базасында ұйымдастырылып, өткізілді.
Шараны ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ МДТО бойынша әдіскері Кырыкбаева Айгуль Кадылбековна құттықтау сөзбен ашып, «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды сыныптарында 2024-2025 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» жайлы хабарлама жасады. Секция жұмысында ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі Агзамова Адия Сакеновна «Применение цифровых образовательных технологии в детском саду» тақырыбында, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешілері Қазезова Ақбота Баянғазықызы, Әділханова Анар Сайранханқызы педагогтермен «Цифрлық білім беру технологииялары балалардың танымдық белсенділігін ынталандыруға және жаңа білімді игеруге қатысуға мүмкіндік беретін интерактивті оқыту құрылымы ретінде» тақырыбында іскерлік ойын ойнатып, тәжірибелерімен бөлісті.
Секция отырысы балабақшаның ішіндегі заттық дамытушы ортадағы белсенді ойын алаңдарында жалғасып, қатысушылармен кері байланыс орнатылып, мектепке дейінгі ұйымда цифрлық технологияларды жұмыста қалай пайдалануға болатындығы жайлы, ақпарат құралдарын пайдаланудың жолдары кеңінен талқыланып, ұсыныстар қабылданды.
Секция жұмысына облысымыздың 50 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының қызметкерлері қатысты.