Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Мектеп кітапханашыларының тамыз кеңесі аясындағы секция отырысы

Мектеп кітапханашыларының тамыз кеңесі аясындағы секция отырысы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылғы 15 тамызда педагог қызметкерлердің «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» облыстық тамыз кеңесі шеңберінде «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» аймақтық пәндік интерактивтік алаң өтті.

Секция отырысына 25 мектеп кітапханашылары қатысты.

Мектеп кітапханашыларының облыстық секция отырысында Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп» КММ кітапханашысы Тулепова Асель Маратовна «Оқырмандардың қызығушылығын арттырудағы цифрлық технологияның рөлі»; ШҚО ҚК «А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ анықтама жұмысы секторының жетекшісі Жайлыбаева Меруерт Нұржанқызы «Электрондық кітапханалар: пайдалы сілтемелер, оларды жұмыс барысында пайдалану және оқырмандарға ұсыну»; ШҚО ҚК «А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ оқу залдары және кітап сақтау орталығының басшысы Қалиева Бақытгүл Төбиқызы «Өлкетану ресурстары: веб-сайттар мен мәліметтер базасы, Шығыс Қазақстан облысының ресурстары»; ШҚО ҚК «А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ ақпараттық-байланыс технологиялар орталығының кітапханашысы Төлешов Жігер Берікжанұлы «Сөредегі инновация: нейрожелілер кітапхана жұмысында» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерін ұсынды.

Секция соңында «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хат талқыланды және ұсыныстар қабылданды.

 

 

 

 

17/08/2024 11
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ