2024 жылдың 15 тамыз күні «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінің шеңберінде «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» аймақтық пәндік интерактивтік алаңы ұйымдастырылды.
Интерактивті алаң аясында биология пәні мұғалімдерінің секциялық отырысында озық тәжірибелі мұғалімдер іс-тәжірибелерімен бөлісті.
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№22 орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі Дуйсенбекова Балауса Дуйсенбеккызы «Биология пәнінде жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігі»;
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№10 мектеп-гимназиясы» КММ биология пәні мұғалімі Колмагорова Дарья Игорьевна «Применение искусственного интеллекта на уроках биологии» тақырыптарында жұмыстарын ұсынды.
Іс-шара барысындаШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің әдіскері Байболова Кундыз Турлыновна «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
Кері байланыс барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын пайдаланудың негізгі түрлері мен мүмкіндіктерінің қазіргі білім беру ортасындағы маңыздылығын атап өтті.
Секция жұмысына облыс мектептерінің 23 биология пәні мұғалімі қатысты.