2024 жылдың 15 тамыз күні «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінің шеңберінде «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» аймақтық пәндік интерактивтік алаңы ұйымдастырылды.
Интерактивті алаң аясында география пәні мұғалімдерінің секциялық отырысында озық тәжірибелі мұғалімдер іс-тәжірибелерімен бөлісті:
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп - лицейі» КММ география пәні мұғалімі Құсайова Аяужан Арыстанбекқызы «География пәніндегі жасанды интеллект: оның мүмкіндіктері мен әлеуеті»;
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№12 мектеп-гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі Жумагулова Айнур Казбековна «Искусственный интеллект как ключевой элемент успешной подготовки учеников к итоговой аттестации по географии» тақырыптарында жұмыстарын ұсынды.
Іс-шара барысында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің әдіскері.Блейменова Гульзат Бахтияровна «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
Қатысушылар жасанды интеллектің география пәнінде қолданылуы мұғалімдерге білім беру үдерісін жаңашыл әдістермен жақсартуға мүмкіндік беретіндігін айтап өтті.
Секциялық отырысқа облыс мектептерінің 17 география пәні мұғалімі қатысты.