2024 жылдың 15 тамыз күні «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінің шеңберінде «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» аймақтық пәндік интерактивтік алаңы ұйымдастырылды.
Тарих пәні мұғалімдерінің секциялық отырысында озық тәжірибелі мұғалімдер:
ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын ауылдық лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі Акмурзинова Бакыт Тугельбаевна «Педагог қызметіндегі цифрлық құзіреттіліктің маңызы»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№9 орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімдері Быкова Светлана Евгеньевна, Быкова Татьяна Евгеньевна., «Выработка единых подходов и рекомендаций по использованию ИИ-технологий в учебном процессе» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің әдіскері Абраимова Бахыт Касеновна «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
Қатысушылар тақырып көлемінде ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін айтып, пікір алмасты, ойларымен бөлісті, жаңа оқу жылына жүргізілетін әдістемелік шараларға ұсыныстар білдірді.
Секциялық отырысқа 30-ға жуық тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.