ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылы 15 тамызда облыстық педагог қызметкерлердің «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тамыз кеңесі шеңберінде «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында 32 бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырыс мақсаты - оқу жылының басында сабақта тиімді қызметті ұйымдастыру бойынша ұсынымдармен қамтамасыз ете отырып, педагогтерге нұсқаулық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету. педагогтерге өңірлік деңгейде үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға мүмкіндік беру.
Шарада: Катонқарағай ауданы білім беру бөлімінің бастауыш білім беру бойынша әдіскері Темирбекова Жадыра Саулетовна «Ауыл мектептерінің оқу үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану»;
Мельникова Наталья Васильевна «Облыстық математика, физика, информатика, саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш сынып мұғалімдерінің жасанды интеллекті қолдану мүмкіншіліктері» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «2024-20245 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқау хаты таныстырылды, цифрлық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.