2024 жылдың 15 тамыз күні «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінің шеңберінде «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» аймақтық пәндік интерактивтік алаңы ұйымдастырылды.
Интерактивті алаң аясында химия пәні мұғалімдерінің секциялық отырысында озық тәжірибелі мұғалімдер іс-тәжірибелерімен бөлісті:
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№32 орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі Бактиярова Жадыра Сейтахметовна «Жасанды интеллект технологиясына негізделген химиялық тіл»;
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№11 мектеп-гимназиясы» КММ химия пәні мұғалімі Шелехова Людмила Сергеевна,«Искусственный интеллект как способ прогрессивного изучения химии» тақырыптарында жұмыстарын ұсынды.
Іс-шара барысында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «19 мектеп - қосымша білім беру орталығы» КММ химия пәні мұғалімі Капчикова Нургуль Тлеубековна және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «46 орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі Актанова Назым Каирказиновна «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
Қорытындылай келе, қатысушылар химия пәні мұғалімдері жасанды интеллектің оқыту үдерісін жақсартуға және химияны оқытуда жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектесетіні туралы пікір білдіріп, технологияларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Секциялық отырысқа 20 химия пәнінің мұғалімдері қатысты.