2023 жылғы 5 желтоқсанда мектептерде Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбындағы семинар-практикум өткізді.
Семинарға қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша іс-тәжірбиелерімен Қ.Ә. Құйқалақова, М.А. Мухажанова, Д.Ж. Нурмуханбетова бөлісті.
Семинар барысында «Бала бақыты-әлем нұры» шағын концерт ұйымдастырылып, жобалар негізінде ашық тәрбие сағаттары көрсетілді.
Киязбаева М.Б. «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы негізінде «Әдепті адам-әдемі адам»-шеберлік сағаты;
Шакенова Г.С. «Балалар кітапханасы» жобасы негізінде «Сырлы әлемге саяхат»- шеберлік сағаты;
Даутбекова Н.С. «Еңбек адал жас өрен» жобасы негізінде «Татулық табыс, бақыт»-шеберлік сағаты;
Бақытжанеұлы Қ. «Пікірталас» жобасы негізінде «Кибербуллингпен күресудің тиімді жолы» пікірталас;
Далаева Н.Т. «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде «Салауатты отбасы» отбасылық спорттық сайысы өтті.
«Даналық мектебі» клубы аясында «Әжелер мектебі - өнеге мектебі», «Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын тағу мәдениеті» тақырыптарында өнеге сабақтарын көрсетті.
Семинарға қатысушылармен «Сәтті рейс жолаушылары» кері байланысы алынды. Адамның үйлесімді ұлттық даму институтының жетекші маманы Аязбаев Е.М., ШҚО білім басқармасының тәрбие бөлімінің бас маманы Гайсина М.Ж, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие және әлеуметтік жұмысы әдістемелік бөлімінің әдіскері Алмабаева А.Н. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысы бойынша әдістемелік көмек көрсетті.