Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ЖЫЛ САЙЫН ӨТКІЗІЛІП ОТЫРАТЫН «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ЖЫЛ САЙЫН ӨТКІЗІЛІП ОТЫРАТЫН «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

1-ші наурыз - Алғыс айту күні облыста жыл сайын өткізіліп отыратын «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өз жұмысын бастады. Акция ағымдағы жылдың 31-ші мамырына дейін жалғасын табады.

Акцияның мақсаты - әрбір азаматты қайырымдылық жасауға тарту және оның жүзеге асуына күш салу, біздің балалар мен жасөспірімдердің арман тілектерін орындауда ортақ көмек көрсету.

Акцияға қатысушылардың санаты: ШҚО тұратын ата-анасы мүгедек, табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен, аз қамтылған отбасынан, қамқоршысы атасы, әжесі, басқа да қорғалмаған санаттағы тұлғалар болып табылатын қамқоршы отбасынан, көп балалы отбасынан шыққан ерекше білім беру қажеттілігіне мұқтаж балалар.

Осы акцияның шеңберінде білім басқармасымен балалардың ең қажетті заттарды сатып алу өтініштері қарастырылады: киімдер, аяқ киімдер, кітаптар, дамытушы ойындар, ойыншықтар, спорттық құралдар және де мемлекеттік мекемелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, баланың немесе жасөспірімнің шығармашылық дамуына ықпал ететін басқа да заттар.

Балалардың автокөлік, пәтер, үйге керекті заттар (ыдыс-аяқ, жиһаз, люстра, кілемдер сияқты т.б), ұзақ қолдануға болатын және қымбат бағалы заттар, сонымен қатар шетелге саяхаттау және емделу үшін қымбат жолдамалар жайлы өтініштері қарастырылмайды.

Мемлекеттік әлеуметтік кепілдемелер санатына жататын сұрақтарды шешу, дәрі-дәрмектер сатып алу, қымбат ота жасатуға қаражат бөлу т.с.с. өтініштер қарастыруға қабылданбайды, олардың орындалуына жауапты болып атқарушы биліктің сәйкес органдары табылады.

Демеушілер балалар мен жасөспірімдердің тілектерін (өтініштерін) орындау бойынша өз ұсыныстарын ары қарай өңделуі және мұқтаж отбасымен байланысу үшін аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жібере алады.

Акция өткізілген 7 жыл ішінде сайтта 16 мыңнан астам хат-тілектер қабылданды. Балалардың өтініштері коммерциялық және басқа да бірқатар ұйымдардың, облыстың жекелеген тұрғындарының белсенді демеушілік қолдауымен орындалды. Демеушілер шаруа қожалықтары, орта және шағын кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер және т.б. болды.

Облыс тұрғындарының көмегімен Шығыс Қазақстанның кішкентай тұрғындарының барлық хаттары орындалды.

01/03/2023 54
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ