Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Мәтіннің түрлері мен құрылымы

Мәтіннің түрлері мен құрылымы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылғы 13 ақпанда «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіптік даму институтының аға оқытушысы Камзина Ардақ Нұрахметқызы, ШҚО білім басқармасының «Örken «Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-мен бірлесіп, курстан кейінгі сүйемелдеу және қолдау шеңберінде, «мәтін түрлері мен құрылымы» тақырыбында онлайн форматта бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты: мәтін түрлерін (баяндау мәтіні, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні) анықтапажырату.

Оқыту нәтижелері:

  1. Мәтін түрлерін (баяндау мәтіні, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні) анықтайды, ажыратады.
  2. Құрылымдық бөліктерін сақтай отырып, әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтінін құрастырады.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне оқушыларды оқытуда  «Неге бағыттап оқыту керек? «Нені оқыту керек?» «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтар аясында әдебиеттік оқу пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес «Мәтіннің түрлері мен құрылымы» атты күрделі тақырыпты меңгертуде оқытудың беленді әдістері мен тәсілдері арқылы  шешудің жолдары берілді. 

Нақты іс-тәжірибе арқылы «Құндылықтар» ортақ тақырыпты сабақтың тақырыбымен кіріктіре отырып, жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлеріне негізделген тапсырмаларды жоспарлаудың тиімділігі көрсетілді. «Тірек сызба» әдісін пайдалана отырып, мәтіннің түрлерін және құрылымының ерекшеліктерін  анықтау және ажырату бойынша теориялық материалды меңгерді. Жұптық жұмыста «Матрица» әдісі арқылы мұғалімдер мәтіннің түрлеріне қатысты сипаттамаларды тауып, сәйкес түске бояу негізінде берілген тапсырманы тәжірибеде орындап, меңгеруге жұмыс жасады. Мұғалімдерге әр оқушының  танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылық әлеуетін ашуда топтық жұмыс арқылы аудио жазбаны, бейнабаянды қолданып «Кино лента», «Ақпараттық карта», «Репортаж» әдістерімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау  мәтіндерін құрастыру тапсырмалары ұсынылды.

Вебинарда оқыту барысында қиындық тудыратын сабақ тақырыбымен жұмыс жасау, оларды оқушыға түсінікті, әрі қызықты етіп ұсыну жолдары, тапсырмалар талқыланды. Бұл өз кезегінде бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік және пәндік құзыреттілігін арттыруға үлес қосты.

 

13/02/2024 45
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ