Шығыс Қазақстан облысында 15-жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын PISA-2022 апробациялық зерттеуі аяқталды.
Зерттеу 2021 жылғы сәуірдің 15-і мен 24-ы аралығында ҚР БҒМ Ақпараттық талдау орталығының үйлестірушісі Бакустар Жунусовтың қатысуымен өткізілді. Халықаралық іріктеуде біздің өңірден 6 мектеп анықталды. Оның ішінде 5 Өскемен қаласының мектептері (Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, Зәки Ахметов атындағы №16, №7, 39, 46 орта мектептері) және бір ауыл мектебі (Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті, №8 жалпы білім беретін орта мектеп) қатысты.
PISA-2022 апробациясында 9-ші сыныптың 198 оқушысы математика және жаратылыстану пәндері бойынша сұрақтарға жауап берді.
Негізгі зерттеу 2022 жылы өткізіледі, басымдылығы - математикалық сауаттылық. Қатысушы мектептер компьютерлік бағдарламаның көмегімен іріктеледі.