
«Jastar Time» инновациялық орталығында ағымдағы жылдың 23 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 қаңтардағы № 3 Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында « COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы (12.02.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен)» қаулысының талаптарын сақтай отырып, Өскемен қаласы мектептерінің 5-11 сынып оқушылары үшін курстарды ұйымдастыру бойынша жұмыс қайта басталды.
Бүгінгі күні Өскемен қаласының 60 оқушысы бағдарламалау, бейне-монтаждау, 3D модельдеу және компьютерлік дизайн бағыттары бойынша оқу мүмкіндігіне ие болды. Курс аяқталғаннан кейін оқушыларға тиісті үлгідегі сертификаттар беріледі.