Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Француз тілін оқытатын облыс педагогтерінің Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортоланмен кездесуі

Француз тілін оқытатын облыс педагогтерінің Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортоланмен кездесуі - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылдың 8 сәуірінде облыстың білім басқармасында Өскемен қаласының №10 және №38 гимназияларының, дарынды балаларға арналған облыстық валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің француз тілі мұғалімдерінің Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортоланмен кездесуі өтті.

Кездесуді басқарманың басшысы И. А. Чернышева ашты, ол қонақты мектептерде француз тілін оқытудың жай-күйімен таныстырды.

«Ашық ғылыми орталық» ғылыми-білім беру кеңесінің төрағасы А.В. Ахаев облыста 2009 жылдан бастап француз ғалымдары әзірлеген ойын технологиялары арқылы француз тілін оқыту жүргізіліп жатқанын, педагогтердің «Франция - Қазақстан» француз журнал-альманахында жұмыс тәжірибесінен мақалалары жариялайтынын, Париж қаласындағы жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық жүргізіліп жатқанын айтты. Франция азаматы, ерікті Алан Геринг дарынды балаларға арналған облыстық валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің кітапханасын француз тіліндегі көркем әдебиетпен толықтырып, көмек көрсетілді. Ынтымақтастық аясында Еуропаға білім беру турлары ұйымдастырылғандығын мәлімдеді. Валеологиялық мектепте балаларды үйірмелерде қосымша сабақтар арқылы балабақшадан 5-сыныпқа дейін француз тілін оқытуды бастау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бортолан мырза Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасындағы елімізде халықаралық француз мектептер ашуға және білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісім туралы айтып берді, бұл студенттерге болашақта Францияның жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.

Алекс Бортоланның педагогтермен диалогы кезінде өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасау, Өскемен қаласында француз Альянсын ашу ұсынылды, бұл француз тілін меңгерген облыс педагогтерінің тәжірибесін таратуға, оқушыларға тіл тасымалдаушыдан  ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Білім басқармасының басшысы И. А. Чернышева Франция елінен келген қонақтың бастамаларын қолдады, француз тілін тек оқушылар арасында ғана емес, сонымен қатар француз мәдениетін зерделеуге қызығушылығы бар облыстың студенттері мен ересек тұрғындары арасында да ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

08/04/2024 17
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ