Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Жас басшы кадрлар резерві мектебі» екінші сессиясы

«Жас басшы кадрлар резерві мектебі» екінші сессиясы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Жылдық іс-шара жоспарына сәйкес 2024 жылдың 3-5 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Жас басшы кадрлар резерві» үшін офлайн режимінде «Білім беру саласындағы менеджмент» тақырыбында екінші сессиясын өткізді.

Сессияның негізгі мақсаты маңызды ақпараттармен бөлісіп, білім беру саласындағы менеджменттің маңызды дағдыларын меңгерту арқылы басшы кадрлардың кәсіби құзыреттілігін көтеру және ынталандыру, басшы қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту.

Сессия дәрісін ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектеп» КММ директоры Ауганбаева Гульфарида Базарбаевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-лицейі» КММ директоры Ананишникова Ольга Викторовна келесі тақырыптарды оқыды. «Қазіргі мектепті қалыптастырудағы көшбасшының рөлі», «Қазіргі білім берудегі құндылықтар», «Педагогикалық ұжымның қызметін ұйымдастыру негіздері», «Мектепішілік бақылау», «Педагогикалық ұжымды басқару», «Білім беру ұйымы басшысының инновациялық құзыреттілігін дамыту», «Менеджмент және көшбасшылық», «Білім беру мекемесінің жұмысын жоспарлау (миссия және пайымдау)», «Білім беру үдерісіндегі инновациялық қызмет» тақырыптарын меңгерді.

Екінші сессияның соңында қатысушылар білім беру процесінің сапасын арттыру және мектеп тәжірибесін жақсартып оның инновациялық білім сапасын арттыру үшін мектептерге енгізудің жобасын әзірледі және қорғады.

Мектептің келесі сессиясы 2024 жылдың наурыз айында өтеді.

05/01/2024 63
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ