Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» семинардың екінші күні

«Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» семинардың екінші күні - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Бүгін, 26 қыркүйекте өткен Шығыс Қазақстан облысының нысаналы мектептерінің басшыларына арналған оқыту семинардың екінші күні оқу процесін ұйымдастыру мен тиімді кері байланыс арқылы ұжымды басқару тақырыбымен басталды. Бұл күн қатысушылар үшін ерекше маңызды болды, себебі олар кәсіби дамуға бағытталған жаңа идеялар мен әдістермен танысты.

Семинар барысында спикер кері байланыстың принциптері мен түрлерін жан-жақты талқылап, қатысушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етудің маңызды аспектілерін зерделеп, педагогикалық тәжірибелерін жақсарту жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, қатысушылар педагогтерді ынталандыру әдістерімен танысып, ұжымдық рухты көтеру мен жұмысқа деген ынтаны арттырудың түрлі тәсілдерін талқылады.

Тәжірибелі әдіскерлер мен директорлардың баяндаған мектептердің ішкі және сыртқы бағалау ерекшеліктері мен әкімшілік пен педагогтердің өзін-өзі талдауы да маңызды тақырып болды. Қатысушылар білім сапасын бағалаудың әдіс-тәсілдерін зерттеп, білім беру процесін тиімді басқару үшін қажетті құралдармен бөлісті. Мектеп басшыларына арналған жұмыс  дәптерге практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, бағалау нәтижелерін білім беру ұйымының даму стратегиясын жақсарту үшін қолдану жолдарын талқылады.

Семинар аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы тренерлері қатысушылармен бірге ата-аналардың мектептің даму стратегиясындағы рөлі және олардың оқушы жетістіктерін бағалауға қосқан үлесі тәжірибесін кеңінен қарастырды. Ата-аналарды білім беру процесіне тартудың маңыздылығы және олардың пікірлері мен ұсыныстарының құнды екендігі туралы идеялар белсенді түрде талқыланды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сәтті тәжірибелері де ұсынылды.

Осылайша, семинардың екінші күні тәжірибе мен идеялармен алмасу алаңына айналды, онда әркім өз тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге шабыт таба алды. Қатысушылар өз мектептерінде алған тәжірибелерін қолдануға дайын екендерін білдірді, бұл білім беру процесінің сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз.

27/09/2024 7
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ