2023 жылғы 21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан өңірлік «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу мақсатында математика, геометрия, физика, информатика пәндері бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу бойынша жұмыс топтарының мүшелерімен отырыс өткізді.
Жұмыс топтары 2021-2023 ж.ж. «Математика», «Геометрия», «Физика» және «Информатика» пәндері бойынша әдістемелік құралдар әзірледі.
Тапсырмалар жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім берудің 5-9 сыныптарына арналған үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес ұсталды.
Әдістемелік құралдағы тапсырмалар:
- жалпы білім беретін мектептер үшін-тапсырмалардың сипаттамалары мен ұпай қою схемасы бар үш нұсқа және қосымша нұсқа;
- гимназиялар/лицейлер мен мамандандырылған мектептер үшін-тапсырмалардың сипаттамалары мен ұпай қою схемасы бар үш нұсқа және қосымша нұсқа;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін-тапсырмалардың сипаттамалары мен ұпай қою схемасы бар үш нұсқа және қосымша нұсқа;
- арнайы ұйымдар үшін-тапсырмаларды сипаттайтын және ұпай қою схемасы бар бір нұсқа.
Әдістемелік құралдар негізгі мектептің 9-сынып оқушыларына, мұғалімдер мен әдіскерлерге мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық үшін тестілерді қолдануға арналған. Жұмыс топтары қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде облыс мектептерінде пайдалану үшін облыстық сараптамалық кеңесте қарау және бекіту үшін тапсырмалар жинағын қалыптастырды.
Отырыс жұмысына облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Математика», «Физика», «Информатика» пәндерінен 23 мұғалім қатысты.