Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті достар және әріптестер!

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Сайт білімдегі жаңа технологиялар саласында талдау, ақпараттық және техникалық саясатты қамтамасыз ету үшін құрылды.

Облыс бойынша білім саласына цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары үш бағытта жүргізіледі: орта білім жүйесіндегі ақпараттандырудың дамуы, білім басқармасы процесін автоматтандыру, ІТ-мамандарды даярлау.

Білім беру процесін автоматтандыру жүйесінен, электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесін енгізуден, мектептерді кең жолақты Интернет желісіне қосу, компьютермен және мультимедиялық техникамен, Wi-fi желісімен жабдықтаудан тұратын білім жүйесін цифрландыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

Орта білім жүйесінде ақпараттандыруды дамыту бағыты бойынша көзделген бағдарламалық іс-шараларды орындау және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жұмыстары жүргізіледі.

Білім беру сапасы және мониторингі бағыты бойынша  оқушылардың білімін диагностикалау және талдау жұмыстары, цифрлық технологиялар арқылы оқушылардың негізгі біліктіліктері бойынша өтетін халықаралық, республикалық және облыстық зерттеуді сүйемелдеу, білім сапасын бағалау және мониторингілеу үшін инновациялық инструментарийлерді әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, біз қайырымдылыққа, инклюзивті білімге және өскелең ұрпақтың ІТ саласы бойынша қажетті дағдыларын дамытуға ерекше мән береміз.

Біздің міндетіміз – өңірдің білім беру жүйесін цифрландыру.

Бүгінде мемлекеттік деңгейде үлкен мақсат қойылды, ол – білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, білімді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны ету, сапалы білім беру қызметін кеңейту, білім жүйесінде ақпараттандырудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

 

Құрметпен, Коваленко Сергей Николаевич,

ШҚО ББ «ШҚ ӨБЖТО» КММ директоры

Басшы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ директоры
Коваленко Сергей Николаевич
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ директоры
Қабылдау телефоны:8 (7232) 75-33-33
Xабарлама жазу
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ